- баяндама жасау (пленарлық, секциялық, постерлік)
- конференция материалдарының жинағына тезистерді ұсыну
- тыңдаушы ретінде қатысу
Бір автордан 3 тезистен артық емес. Тезистер плагиатқа қарсы жүйе арқылы тексеріледі.
Баяндамаларға мақалалар мен тезистер «Traumatology and Orthopaedics of Kazakhstan» журналының арнайы санында жарияланады және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
Журналдың https://journaltokaz.org/index.php/tok/ops сайтында жарияланымдарды ресімдеу ережелері.
Баяндамалар тақырыптары мен тезистер 2025 жылдың 1 шілдеге дейін қабылданады.
Тезистерді, баяндамаларды жариялау туралы растау 2025 жылғы 01 қыркүйекке дейін.
Журналдың редакциялық алқасы және конференцияның ұйымдастыру комитеті жариялау үшін мақалаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.
Қатысушыларды онлайн тіркеу 2025 жылдың 1 мамырынан бастап www.nscto.kz сайтта ашылады.
Тіркеу және қатысу мәселелері бойынша е-mail-ге: www.trauma@nscto.kz хабарласу
Конференция аяқталғаннан кейін сағат саны көрсетілген атаулы сертификаттар берілетін болады.
2025 жылғы 10 қазанда сағат 09:00-13:00 аралығында өтеді.
Конференцияның мақсаты – жас ғалымдардың бастамаларын қолдау және олардың ғылыми әлеуетін іске асыруға көмектесу.
Конференцияға медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, интерндер, резиденттер, ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын (ғылым кандидаты, не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) ғылыми дәрежесі бар (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін адамдар) ғылыми қызметкерлер қатыса алады.
Өтінім ілеспе материалдармен бірге 2025 жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей электрондық мекенжайға: batpenov_readings@nscto.kz берілуі тиіс.
Жұмыс бір автордың атынан беріледі, әр автор конкурсқа тек бір жұмысты жібере алады, ол арнайы секцияда баяндалады. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
Жеңімпаздарды арнайы қазылар алқасы анықтайды.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет ( электронды түрде):
1. Конкурсқа қатысушының сауалнамасы (1 қосымша );
2. Жұмыс аннотациясы (қатаң түрде 3 беттен аспау, 38 жолдан аспайды, жолда 65 таңба). Аннотацияда өтініш берушінің қосқан үлесі нақты көрсетілуі керек;
3. Конкурсқа ұсынылатын зерттеу тақырыбына қатысты жарияланған жұмыстардың тізімі;
4. Электрондық форматта 3-тармақта көрсетілген жарияланған жұмыстар тізімінің растаушы құжаттары
Жұмыстарды конкурсқа ұсыну конкурсқа қатысушылардың конкурс қазылар алқасының ұсынылған мәліметтерін өңдеуге және пайдалануға келісімін білдіреді.
Баяндаманың ұзақтығы 10 минуттан аспайды.
Презентация PowerPoint форматында ұсынылуы керек.
Жүлде қоры баламалы 1000 АҚШ доллары ақшалай қаражатты құрайды:
1 орын – 500 USD;
2 орын – 300 USD;
3 орын - 200 USD
Traumatology and Orthopаedics of Kazakhstan – «Қазақстандық травматологтар-ортопедтер қауымдастығы» РҚБ халықаралық рецензияланатын ашық қолжетімді журналы. Ғылыми мақалаларға қойылатын талаптармен Сіздер журналдың www.journaltokaz.org сайтында «Авторлар үшін» бөлімінде таныса аласыздар. Мақалалар «Мақалаларды онлайн беру» жүйесі арқылы беріледі. Тезистерді жіберу арқылы басқалай көрсетілмесе, оларды жариялауға рұқсат бересіз. Тезистер электрондық түрде ғана қабылданады.
Тезистер қазақ, орыс және/немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Тезисті бір жоларалық интервалмен, стандартты жиектермен (сол жақта – 3 см., оң жақта – 1 см., жоғарғы және төменгі жағында – 2 см.) А4 форматында теру керек. Мәтін Word редакторында кез-келген нұсқада Arial қарпімен, 12 кегльмен, тасымалдаусыз басып шығарылуы тиіс. Тезис тақырыбын ресімдеу: бірінші жол - жұмыстың атауы үш жолдан аспайтын қалың қаріппен қысқартусыз; екінші жол – автордың (авторлардың) тегі (тектері) және аты-жөні, автордың (авторлардың) электрондық мекенжайы. Алғашқы үш жолды ортасына түзету. Әрі қарай, бос орыннан кейін тезис мәтіні. Тезис мәтінін ені бойынша түзету. Талапқа сәйкес емес тезистер, түзету үшін қайтарылады. Көлемі 1 беттен аз тезистер қарастырылмайды. Тезис мәтінінде қарастырылып отырған мәселе, оны шешуге қолданылатын тәсіл нақты тұжырымдалуы керек, сонымен қатар алынған негігі нәтижелер көрсетілуі керек. Тезис құрылымы мыналарды қамтуы тиіс: зарттеу мақсатын сипаттайтын кіріспе, материалдар мен әдістер, талқылау нәтижелері, қорытындылар және негізгі сөздер. Негізгі сөздерді таңдағанда, авторлар Medical Subject Headings) Index Medicus медициналық тақырыптық айдарларын қолдануы крек. Тезиске 1 кестеден немесе суреттен артық емес енгізуге рұқсат етіледі. Тезистер мен мақалалар журналдың www.journaltokaz.org сайтында «Мақалаларды онлайн беру» жүйесі арқылы беріледі.
Авторлар материалдардың ғылыми мазмұны мен баяндауына жауапты болады.
Баяндамалардың тақырыптары және тезистер 2025 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады.