Астана травматологиядағы әлемдік көшбасшыларды қабылдайды: травматолог-ортопедтердің IV Съезі және Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының ІІІ Съезі

Астана травматологиядағы әлемдік көшбасшыларды қабылдайды: травматолог-ортопедтердің IV Съезі және Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының ІІІ Съезі

Күні: 2024 жыл 28-29 тамыз

Өткізу орны: Назарбаев Университеті, Тұран даңғылы 64, блок С

Астана травматология мен ортопедия саласындағы әлемдік медициналық қауымдастықтың орталығы болады. 2024 жылы 28-29 тамызда астана халықаралық қатысумен Қазақстанның травматолог-ортопедтерінің IV Съезін және Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының ІІІ Съезін қабылдайды.
Академик Н.Ж.Батпеновтың туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл маңызды іс-шара әлемнің түпкір-түпкірінен 500-ден астам жетекші мамандарды жинайды.

Бұл оқиғаны ерекше ететін не:

Медицина жұлдыздары: Съезд қатысушыларының арасында – травматология мен ортопедия саласындағы әлемдік көшбасшылар. Шақырылған сарапшылардың қатарына Қытай, Үндістан, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Польша, Иран және басқа елдердің жетекші ғалымдары мен практиктері кіреді. Бионикалық имплантация саласындағы зерттеулерімен танымал қытайлық профессор Yingze Zhang және роботтандырылған хирургиядағы жетістіктерімен танымал үндістандық Shekhar Srivastav сияқты көрнекті мамандардың қатысуы оқиғаға ерекше мән береді.

Инновациялық мастер-кластар: Қатысуышлар озық хирургиялық техникалар мен әдістерді, оның ішінде Түркиядан келген Улунай Канатлы тобық буынының артросокпиясын және профессор Akif Muhtar Ozturk ұсынған бос сүйек кесіндіні алмастыруды бақылай алады.

Өзекті зерттеулер мен әзірлемелер: Пленарлық және секциялық отырыстар тізе буынын роботтандырылған ауыстыру және қатерлі сүйек ісіктерінде модульдік эндопроздерді қолдану сияқты соңғы жетістіктермен қамтылды, бұл емдеу мен оңалтудың инновациялық тәсілін көрсетеді. Съездің жаңалығы әртүрлі елдердің бейінді қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болады, ол алғаш рет дөңгелек үстел форматында өтеді. Бұл келісім медицина саласындағы ғылыми және практикалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған болады. Сонымен қатар іс-шара шеңберінде қазіргі заманғы жауынгерлік жарақаттың өзекті мәселелері талқыланады, бұл әсіресе ағымды әлемдік шындық жағдайларда өте маңызды. Бұл пікірталас зардап шеккендерді емдеу мен оңалтудың жаңа тәселдері мен шешімдерін анықтауға көмектеседі. Бағдарламаның маңызды бөлімі Бәтпен оқулары. Әртүрлі елдердің қатысушылары тізе буындарын хирургиялық емдеу, балалардағы жіліншік деформацияларын түзету, омыртқа проблемаларын емдеуде жаңа технологияларды қолдану, тірек қимыл жүйесінің сынықтары мен ауруларын емдеудің заманауи әдістері сияқты салалардағы зерттеулері мен тәжірибелерімен бөліседі. Бұл оқулар медициналық көмектің сапасын жақсартуға және тәжірибеге жаңа технологияларды енгізуге көмектесетін білім мен тәжірибе алмасу платформасын жасайды.

Бұл іс-шаралар қатысушыларға травматология мен ортопедия саласындағы соңғы жетістіктермен танысып қана қоймай, медицинаның дамуына қосқан зор үлесін атап өтетін маңызды оқиғаның бір бөлігі болуына мүмкіндік береді.

Тіркеу және қосымша ақпарат: Баспасөз-қызметі: +7 777 737 7372 (Аида Хамзина)